+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қарағандыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден көмек берілмек

2020 жылғы 14 қаңтар 23:44
Бөлісіңіз:
Қарағандыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден көмек берілмек

ҚАРАҒАНДЫ. ҚзаАқпарат – Қарағандыда Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне 1 млн теңгеден бір реттік көмек берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толады. Осыған орай өтетін шаралар қазір жан-жақты пысықталуда. Сонымен қатар, соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге көлемінде бір жолғы көмек қаражат беріледі», - деді Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Жиенбаев қала әкімдігінің аппарат кеңесінде.

Сонымен қатар, ардагерлерге қамқорлық көрсету мақсатында «Ардағым Ардагерім» акциясы жалғасуда. Жастар арасынан волонтерлер тазалау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектесу үшін қарт адамдардың үйлеріне барады.

Ақпан айында Совет әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толады. Бөлім басшысының айтуынша, жауынгер-интернационалистерге 100 мың теңгеден материалдық көмек беріледі.

Бүгінгі таңда Қарағандыда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 38 ардагер тұрады. Сондай-ақ, 698 тұрғын Ауғанстандағы соғысқа қатысқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT