Қарағандыда «смарт» орындықтар пайда болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Wi-Fi тарататын орындықтар қайта іске қосылды. Қыста бұл орындықтар алынып тасталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Күн батареялары бар орындықтар 16 мамыр күні ауа температурасы қажетті деңгейге дейін қызған кезде Арбат» сауда үйінің алдындағы алаңға қайтадан орнатылды. null

Саябақтар мен гүлзарларды басқару қызметкерлері күн панельдерінің астында жиналған ылғалды кептіріп, электрониканы жөнге келтірді.
Құрылғы Wi-Fi таратады және сымсыз қуаттау функциясы бар. Бірақ USB қосқыштары алты орындықтың бірінде ғана сақталған. Қалғандарындағыларды бұзақылар сындырып тастаған.
Қазір орындықтар күннен қуат алады. Ол үшін бірнеше күн қажет.null

Соңғы жаңалықтар