Қарағандыда сенбілікке шықпайтын ПИК-терге ауқымды айыппұлдар салынуда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 6 сәуір күні Қарағандыда биылғы алғашқы экологиялық сенбілік өтті. Бүгін тазалық шарасында атқарылған жұмыстар қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыс мезгілінен кейін қаланы қоқыстан тазалауға мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық қызмет өкілдері мен қарапайым тұрғындар шықты. Қазыбек би атындағы ауданда 3,5 мың гектар жер тазаланды. Ауданның жалпы көлемі - 15 мың гектар. Мұнда қағаз жинауға арналған 37 қосымша контейнер орнатылды.

Аудан әкімдігінде азаматтардың қоқыс тастайтын жерлерге және ластанған аулаларға қатысты шағымдарын қадағалайтын жедел штаб жұмыс істейді.

Сондай-ақ Қазыбек би атындағы ауданда өздеріне сеніп тапсырылған аулаларды жинамаған 14 ПИК-ке ауқымды айыппұлдар салынды.

Ал Октябрь ауданында жалпы алаңның 20% қоқыстардан тазартылды. Мұнда сенбілікке 940 еңбек ұжымы қатысып, 20-дан астам техника пайдаланылды.

Екі айға жалғасатын санитарлық тазалау акциясы 8 маусымда аяқталады. Облыстық сенбіліктер - 27 сәуір мен 18 мамырда, қалалық сенбіліктер - 20 сәуір мен 11 мамырда, аудандық сенбіліктер 13 сәуірде, 4 және 25 мамыр мен 8 маусымда өтеді.

Айта кетейік, 20 сәуірде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» өтетіні жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар