Қарағандыда сайлау комиссиясы мүшесі үгіт-насихат материалын таратумен айналысқан

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі үгіт-насихат материалын таратумен айналысқан. Ал бұған заң бойынша тыйым салынады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауалды науқан барысында прокурорлар 11 бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 114-бабы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын бүлдіргені үшін 6 азаматқа айыппұл салынды. Алматыда пәтер иелері кооперативінің төрағасы қалалық мәслихат депутаттының кандидатына тұрғын үйлердің кіреберісінде үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат беріп, басқа кандидатқа тыйым салған. Осылайша ПИК басшысы кандидаттың үгіт-насихат жұмысына кедергі келтірді. Айыпты жауапқа тартылды», - деді Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында.

«Қарағанды облысының тұрғыны учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі бола отырып, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттың үгіт материалдарын таратқаны анықталды. Бұған заңмен тыйым салынған. Осыған байланысты оған айыппұл салынды. Одан бөлек, Түркістан облысында қалалық мәслихат депутаттығына кандидат сайлау алдындағы үгіт жүргізу шарттарын бұзды. Ол құм-қиыршық тас қоспасын төсеу бойынша тегін қызмет көрсеткен. Сот оған әкімшілік құзықбұзушылық кодексі 122-бабының 2-бөлігі бойынша айыппұл салды», -дейді ол.


Соңғы жаңалықтар