Қарағандыда Сатып алушылар клубы құрылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының кәсіпкерлері мемлекеттік сатып алу саласында біліктіліктерін арттырмақ. Оған Сатып алушылар клубы ашылған өңірлік кәсіпкерлер палатасы көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Клубтың алғашқы жиыны өтті. Кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алулар веб-порталында тіркелу, мемлекеттік сатып алуаларды жүзеге асыру әдістері үйретілді.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Сатып алушылар клубының алғашқы жиыны өтті. Енді кез келген кәсіпкер клуб аясында өзінің біліуктілігін арттырып, жұмысының тиімділігін арттыра алады.

Қарағанды облысы ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Байкен Өміртаев кәсіпкерлерге портал қалай жұмыс істейтіні жайында ақпарат берді. Мемлекеттік сатып алуды өткізуді бақылау және мониторигі, тізілім, камералық байқау туралы айтылды порталдың жұмысын түсіндіріп берді.

«Клуб кездесулерінде мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тауар, жұмыс қызмет сатып алуларын регламенттеуші қолданыстағы заңнама мәселелері, сатып алу процедураларын жүргізу жүйесі, сатып алу процедураларын ұйымдастыру, өткізу және қатысу, шартты орындау, бұзу және ШОБ-тың сатып алуға қатысу тәжірибесі талқыланады», - деді Байкен Өміртаев.  

Алдағы уақытта клуб жиындары түрлі форматтарды өтетін болады. Мұнда дәрістер, пікір-таластар, іскерлік ойындар мен ой-талқылар ұйымдастырылады. Жиындар айына бір рет өтеді. 

Соңғы жаңалықтар