+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қарағандыда «Сарыарқа» ӘКК-ның бұрынғы басшысы сотталды

2017 жылғы 26 наурыз 21:20
Бөлісіңіз:
Қарағандыда «Сарыарқа» ӘКК-ның бұрынғы басшысы сотталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басшысы бюджет қаржысын иемденіп алу мен талан-таражға салу әрекеті бойынша сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу мәліметтері мен сот үкімі бойынша, корпорация төрағасы өзінің екі қол астындағы қызметкерімен бірге көкөніс сақтау қоймаларын сатып алуға бөлінген қаржыны иемденіп алған. Сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Бұқар Жырау ауданындағы Новоузенка ауылында орналасқан көкөніс сақтау қоймасын 19 млн 900 мың теңгеге сатып алғандығы белгілі болды.

Алайда бухгалтерлік құжаттарда олар қойма бағасының 51 млн теңгеден асатындығын көрсеткен. Конкурстық талаптар мен бағалау актісі ойдан құрастырылған. «Сарыарқа» ӘКК-ның өкілдері артылған 31 млн 600 мың теңгені нақты қаржыға айналдырып, иемденіп алған. Сотталғандар өздерінің кінәларын мойындады.

«Сот үшеуін де шартты түрде соттады. ӘКК-ның төрағасы, 3 жыл 11 айға, бөлім бастығы 3 жыл 9 айға, қызметкер 4 жыл 5 айға шартты түрде соталды»,-делінген Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотындағылар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT