Қарағандыда салықтан жалтарған екі компания әшкереленді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігінің қаржы мониторинг комитетіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «STOP ОБНАЛ» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

«Нәтижесінде бірқатар заңды тұлғалардың атынан нақты орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауарларға жалған шот-фактура жазумен заңсыз айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Қазіргі уақытта «TerraStyleKAZ» және «АзимутИнвест» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұйымдасқан топтың бақылауындағы екі заңды тұлға қызметінің қаржы айналымы - 5,7 млрд теңге. Салық төлемеуден мемлекетке келген шығын көлемі – 1,7 млрд теңге» делінген хабарламада.

Аталған қылмыс бойынша мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар