Қарағандыда салмағы 6 келіден астам алып бала дүниеге келді

None
Фото: Қарағанды облыстық килиникалық ауруханасы
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Облыстық клиникалық аурухананың №1 перинаталдық орталығында салмағы 6200 грамм сәби дүниеге келді. Алып бала ата-анасына да, дәрігерлер үшін де тосын сый болды.

Әйел перзентханаға толғағы қарқындай түскенде жеткізілген. Дәрігерлер сәбидің салмақты болатынын алдын ала пайымдаған. Себебі, отбасында бұған дейін туған баланың салмағы 4600 грамм болатын. Алайда, жас босанған ананың үшінші сәбиі аға-апаларынан да ірі – 6 200 грамм.

«Босану асқынусыз болған жоқ, бірақ бригада шұғыл жұмыс істеді. Нәтижесінде, ана мен бала үшін барлығы сәтті аяқталды, дәрігерлер екеуінің де жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды», - деп мәлімдеді облыстық клиникалық аурухана басшылығы.


Айта кетсек, жыл басынан бастап №1 перинаталдық орталықта салмағы 4 келіден асқан 174 нәресте, сонымен қатар 5 кг болған 9 алып сәби дүниеге келді.

Дәрігерлер барлық жүкті әйелдерге өзінің және баланың салмағын бақылап, айтылған ұсыныстарды орындау керектігін, қажет болған жағдайда диета ұстау керектігін ескертеді. Өйткені, ауыр салмақты сәбиді босану – нәресте мен ана үшін қосымша қауіп.


Соңғы жаңалықтар