+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Қарағандыда сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен ана табылды

2020 жылғы 6 сәуір 17:40
Бөлісіңіз:
Қарағандыда сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен ана табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының полицейлері қоқыс контейнерінен табылған шақалақтың анасын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуір күні Қарағанды қаласында Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылған болатын. Нәрестені жедел жәрдем бригадасы тексеріп шығып, дене жарақаттарын таппады.

«Полиция департаментінің басшылығы нәрестенің анасын анықтау үшін криминалдық полиция мен жергілікті полиция қызметінің тәжірибелі мамандарынан тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталды. 6 сәуір күні 22 жастағы нәрестенің анасы анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT