Қарағандыда С.Сәпиевтің құрметіне бокстан республикалық жарыс өтуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласында ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Серік Сәпиевтің құрметіне арналған бокстан ашық республикалық жарыс басталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

С.Сәпиев атындағы Бокс орталығының рингіне 1999-2000 жылы дүниеге келген бозбалалар шығады. Жарыс 14 салмақ категориясы (44 келіден бастап 80-нен жоғары келіге дейін) бойынша өткізілуде. Жарыс 16 қарашада жеңімпаздарды марапаттаумен жабылады. «Серік Сәпиевтің құрметіне арналған ашық облыстық жарыс 2012 жылы өткізілді. Оған Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстаннан 94 мықты жас боксшы қатысты, 14 салмақ категориясы бойынша 80 айқас өткізілді», - деп еске салды дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Өткен жылы жарыс респбликалық дәрежеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар