Қарағандыда «Рухани жаңғыру» аясында 479 жоба жүзеге асырылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өзінің есептік кездесуінде өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты. Мысал ретінде ол қарапайым қарағандылықтардың жасап жатқан игі істерін келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерлан Қошанов Александр Корогодовты атап өтті, оның есімі қарағандылықтарға спортшы Хабиб Нурмагомедовты шақырғаннан кейін белгілі болды. Александр балалар үйінде волонтер, бос уақытында келіп, тәрбиеленушілермен араласады. 2018 жылы қыста ол аралас жекпе-жек палуаны Хабиб Нурмагамедовты Қарағандыға келіп, балалармен кездесуге шақырған. Спортшы қарағандылықтың шақыруынан бас тартпай, осы жылдың 27 қаңтарында облыс орталығындағы балалар үйіне келіп қайтқан.

Тағы бір мысал - ағылшын тілінің оқытушысы Ерлан Рахымов. Ол өз курстарында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балаларын тегін оқытады.

Сонымен қатар облыс әкімі Мақажанова атындағы клиника директоры Дәуір Құрманғалиев туралы да тоқтала кетті. Ол науқас қыз баланың өмірін сақтап қалу үшін үшін оған уақытша қамқорлық рәсімдеген. Сонымен қатар қазақ тілінің жексенбілік клубының негізін қалаушы Наталья Терновая туралы да айтып өтті.

«Осындай жерлестерімізді мақтан тұтамыз. Осы мысалдар бізді шабыттандыратын және неге ұмтылу керектігін көрсететін адамдардың аз ғана бөлігін көрсетеді. Бұл ұлттың рухани дамуы», - деді Ерлан Қошанов.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірде 2022 жылға дейін 479 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар