Қарағандыда республикалық поэзия байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жыл сайынғы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшайраның қорытындысы шығарылды. Биыл ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың ұйымдастырушылары Қарағанды облысының әкімдігі мен Тілдерді дамыту басқармасы болып табылады.

«Байқау алғаш рет облыстық деңгейде 2016-2017 жылдары ұйымдастырылды.

2018 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық ауқымда өткізілуде. Биыл байқауға 92 адам қатысты», – деп хабарлады тілдерді дамыту басқармасынан.

Қатысушылардың жасы 18-ден 45 жасқа дейін. Олар үш өлең: Қасым Аманжоловқа арналған өз өлеңін, Тәуелсіздік күні, сондай-ақ еркін тақырыпта өлеңдер оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласынан Ғылымнұр Кәдірбай жеңіп алды. Бірінші орынды Алматы облысынан келген Әсел Оспан, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан келген Мирас Асан және Ақтөбе облысынан келген Дәурен Тілеухан өзара бөлісті. Үшінші орынға Айзада Рахымжанова (Нұр-Сұлтан қ.), Есей Жеңісұлы (Алматы қ.) және Асыл Сұлтанғазы (Алматы облысы) ие болды.

Атаулы сыйлықтар бес адамға берілді, оның ішінде Қарағанды облысының екі тұрғыны – Ерік Нарын (Кәрім Сауғабай атындағы сыйлық) және Абай Ораз (Сайлаухан Накенов атындағы сыйлық) болды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен ақшалай сертификаттар, сондай-ақ академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті шығарған «Қасым тағылымы» екі томдығы және Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған «Қасымның әндері-ай» әндер жинағы (диск) табыс етілді.


Соңғы жаңалықтар