Қарағандыда республикалық ақындар байқауы өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында республикалық ақындар байқауы өтеді. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға 18 жастан 45 жасқа дейінгі үміткерлер қатыса алады. Олар Қасым Аманжоловқа, тәуелсіздікке және еркін тақырыпқа арналған қазақ тіліндегі үш өлеңді ұсынуы керек. Жұмысты Microsoft Word форматында электронды түрде беру қажет.

Байқауға қатысуға өтінімдер мен жұмыстар 20 қыркүйекке дейін [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады. Ескертпеде «Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық байқауына қатысқым келеді деп жазу керек.

Өтінімде Т.А.Ә., жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетілуі тиіс, сондай-ақ қатысушының жеке куәлігінің электрондық көшірмесін қоса беру қажет.

Жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларда ұсынылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қабылданбайды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Қорытындысы қазан айында шығады.

Марапаттаудың форматы мен нақты күні кейінірек жарияланады.

Байқау туралы толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша білуге болады: (8-7212)

56-74-76, 8-700-112-44-35, 8-702-812-93-78.

Соңғы жаңалықтар