Қарағандыда Qaiyrymdy Urpaq облыстық қайырымдылық акциясы қорытындыланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Qaiyrymdy Urpaq акциясына қатысатын меценаттар аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 137 балаға көмектесті. Игі істерді Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырды, деп хаюарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалар арманының орындалуына меценаттар көмектесті. Олар шет тілдері курсына, ҰБТ-ға дайындық, спорт секциясына, өнертану, вокал, хореография үйірмелеріне абонемент, сондай-ақ спорт жабдықтары мен киім-кешек сыйлады.

«Мұндай нәтиже Тәуелсіздік жылдарында бизнес және қоғамдық-саяси қызмет салаларында жетістіктерге жеткен облыстың 60 жас меценатының қолдауының арқасында мүмкін болды. Акцияны қолдауға қарағандылық жас кәсіпкер, «Самғау» академиясының негізін қалаушы Ардақ Жакин елеулі үлес қосты. Ол 50 түлекке ҰБТ-ға тегін дайындалу мүмкіндігін сыйлап, оған 2,5 млн теңге жұмсады», – деп атап өтті жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасынан.

Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты Маршида Кадырова музыкант жерлесіне саксофон-альт сыйға тартты. Ал «Планета спорта» дүкендер желісінің Қарағандағы филиалы Нұра ауданының спорт мектебінің 10 тәрбиеленушісін спорт құрал-жабдығымен қамтамасыз етті.

«Акцияға қатысқан барлық меценаттар мен кәсіпорындарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Барлық демеушілер алғыс хаттармен марапатталады», – деді акция ұйымдастырушылары.

Соңғы жаңалықтар