+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қарағандыда прокурорлар мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілді мәселелерін талқылады

2021 жылғы 10 қазан 18:54
Бөлісіңіз:
Қарағандыда прокурорлар мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілді мәселелерін талқылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының прокуроры Құсайын Игембаевтың төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша алқа отырысы өтті. Бас қосуға уәкілетті органдардың басшылары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Жасыл» энергетика Қарағанды облысында белсенді дамуда Біз «мүгедек» деген терминен құтыламыз - Ләззат Қалтаева Мүгедектерге нысандарды бейімдеу жұмысына қоғамдық бақылау күшейтіледі

Отырысты аша отырып облыс прокуроры Мемлекет басшысы жыл сайын мүгедектер үшін кедергісіз орта қалыптастыру, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттау және бейімдеу міндеттерін қойып отырғанын атап өтті.

Осы тапсырманы орындау үшін облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық өмірге тарту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде. Көрсетілетін көмектің сапасын жақсартуға бағытталған жоспарлар әзірленіп, жобалар қабылданған.

«Бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Бұл жүріп-тұруы қиындық тудыратын адамдарға арналған арнайы құрылғылары бар қоғамдық көліктің жетіспеушілігі, инклюзивті мектептерде, түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарында мамандардың жетіспеушілігі, жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің төмендігі және т.б», - деп атап өтті облыс прокуроры.

Ол сондай-ақ мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қорғау туралы тапсырмаларды сапалы орындау, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бақылау, жүріп-тұру, қарым-қатынас құралдарымен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтерді уақтылы алу және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті.

Отырыста уәкілетті органдар басшыларының қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды, бірлестік өкілдері өздерінің қиындықтары туралы айтты.

Іс-шараның қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға құрамына мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін қоса отырып ведомствоаралық жұмыс тобын құру, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша қосымша

шаралар қабылдау тапсырылды және аталған тұлғалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған бірқатар нақты нұсқаулар берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT