Қарағандыда прокуратура қызметкерінің қатысуымен болған жол апатына байланысты қызметтік тергеу жүргізілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда прокуратура қызметкерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының мән-жайлары анықталуда, деп хабарлады аймақтағы қадағалау органының баспасөз қызметінен.

«Қарағанды облысының прокуратурасы Қарағанды облыстық ІІД-нің Жедел басқару орталығынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан прокуратура қызметкерінің жол-көлік оқиғасына қатысуы туралы келіп түскен ақпаратты тексеріп жатыр. 2015 жылдың 9 қарашасында сағат 00:10-да Қарағанды қаласындағы Н.Әбдіров даңғылында «Мерседес» пен «Тойота Камри» көліктерінің соқтығысуы орын алды. «Мерседестің» салонында Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық прокуратурасының қызметкері отырған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары апатқы кінәлі тұлғалар мен оның куәгерлерін анықтау шараларын қолданып жатыр.

«Облыс прокуратурасы прокуратура қызметкерінің оқиғаға қатысы мен кінәлілігін анықтау бойынша қызметтік тергеуді бастады. Толық ақпарат жұртшылыққа қызметтік тергеу аяқталған соң хабарланады», - деп қосып өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Куәгерлердің айтуынша, көліктер соқтығысқан соң прокуратура қызметкері оқиға орнынан ізін жасырмақ болған. Оны басқа жүргізушілер өткізбей қойды. Сонда әйел жолына тұрып алған екі көлікті соғып өтті. Оны оқиға орнына шақыртылған тәртіп сақшылары ұстады.

Соңғы жаңалықтар