Қарағандыда полицейлер жол апатына ұшырады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жол апатынан екі полиция қызметкері зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 18 шілде күні кешкісін Бұқар жырау ауданындағы «Қарағанды - Ботақара» автожолында болған. Алдын ала деректер бойынша, «Шансиман» жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Солайша, полицейлердің «Toyota Land Cruiser Prado» қызметтік машинасына соғылған.

Апат салдарынан арнайы көліктің ішіндегі екі полицей жарақат алып, Қарағанды қалалық ауруханасына жеткізілді.

«Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деді облыстық ІІД өкілдері.

Соңғы жаңалықтар