USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Қарағандыда полицейлер ең белсенді донорлар атанды (ФОТО)

2016 жылғы 30 маусым 12:29
Бөлісіңіз:
Қарағандыда полицейлер ең белсенді донорлар атанды (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицейлер тағы өз еркімен қан тапсырды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін донорлық қанды өз еркімен тапсыру шарасы игі дәстүрге айналды. 29 маусымда жергілікті полиция қызметі көмекке зәру жандарға қол ұшын беру үшін Қан орталығына барды», - делінген хабарламада.

Бұл жолы 30 полицей қан тапсырды. Донор атануға ниет танытқандар көбірек болғаны, алайда барлығы іріктеуден өтпегені айтылды.

«Көпшілігі мұндай шараға алғаш рет қатысып тұрған жоқ. Облыстық қан орталығының мамандары ішкі істер органдарының қызметкерлері өңірде қан тапсыру бойынша ең белсенділердің бірі екенін жеткізді. Сирек кездесетін қан тобы бар полицейлер адамды құтқару керек болғанда дәрігерлердің қан тапсыруға байланысты өтінішін үнемі орындайды», - деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT