Қарағандыда полицейлер болашақ заңгерлерге сабақ беретін болды

None
Фото: Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультетінде сотқа дейінгі тергеу және цифрлық құзыреттер кабинеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу кеңістігін ұйымдастыру және ресімдеу ЖОО-ның Қарағанды облысының полиция департаментімен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.

Кабинет көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен және техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған. Мұнда «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Электронды қылмыстық іс», «Қылмыстық процесс бойынша практикум» пәндері бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі.


«Полиция департаменті университетпен қазақстандық полиция қатарына студенттерді даярлау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Кабинетте тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері оқыту сабақтарын өткізеді. Студенттер электронды істерді қалай жүргізу керектігін біледі. Қылмысты тіркеуден үкім шыққанға дейін қылмыстық істі тергеуді үйренеді. Бізге практикадан өту үшін студенттер жиі келеді, содан кейін олар қызметке тағайындалады», - деді полиция департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Жанна Акижанова.


ҚарУ қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры Ардақ Шакеновтың айтуынша, студенттер теорияны тәжірибеде бекітеді.

«Заң факультетінде 200-ге жуық студент оқиды, олар университетті бітіргеннен кейін тергеу бөлімшелерінде жұмыс істейді. ПД арқасында олар хаттамалармен онлайн режимде танысуға мүмкіндік алады және барлық әрекеттерді прокуратурамен келісуге болады. Бүгінгі таңда облыстық департамент түлектерге ішкі істер министрінің 20 сертификатын берді. Бұл оларға полиция департаментінің тергеу бөлімшелері мен прокуратура органдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», - дейді Ардақ Шәкенов.

Сондай-ақ, ЖОО мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының дәстүрлі нысандарының қатарында таныстыру және проблемалық дәрістер, Департамент полигоны базасында тренингтік және кәсіби бағдарланған сабақтар, полиция бөлімдерінде көшпелі іс-шаралар қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар