Қарағандыда полицейге пара ұсынған жүргізуші ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында полицейге пара ұсынған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицейлер MAN автокөлігін тоқтатып, мемлекеттік нөмірі дұрыс көрінбейтіндігі үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Алайда ер адам айыппұл төлегісі келмей, патруль полициясының инспекторына пара беріп құтылмақ болды.

«Заттай айғақ ретінде екі мың теңге көлеміндегі ақша алынды. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590-бабы 1-бөлімі және пара ұсынғаны үшін ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалған. Аталған іс негізінде тергеу жүріп жатыр», - деп мәлім етті облыстық ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар