Қарағандыда Пенчак Силат бойынша І республикалық чемпионат өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда алғаш рет республикалық Пенчак Силат спорттық және жауынгерлік өнер чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 10 аймағынан келген 250-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22-24 қараша күндері Қарағанды қаласында Пенчак Силат бойынша Қазақстан Республикасының 1-ші чемпионаты өтті. Спорт түрі ретінде Пенчак Силаттың Қазақстанда ресми түрде осы жылы ғана тіркелгеніне қарамастан, бұл чемпионат еліміздің 10 аймағынан өкілдер жинай алды. 257 қатысушы осы көне, ал Қазақстан үшін - жаңа жауынгерлік өнер түрінде өз шеберліктері мен жігерлерін көрсетті. Додада 8-ден 35 жасқа дейінгі қатысушылар өзара бақ таластырды.

Осы жарыстарда Пенчак Силат төрт бағытының 3 бөлімі ұсынылды: Тунгал ( жеке өнер көрсету) Тандинг ( екі спортшының жекпе-жегі) және Регу (топтық өнер көрсету). ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев спортшыларды жарыстың басталуымен құттықтап, қатысушыларға табыс тіледі.

«Қауымдастық алдағы уақытта да ҚР-да Пенчак жекпе-жегін алға жылжыту үшін барынша күш жұмсайтын болады. «Қазақстан Республикасының Силат Пенчак қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Қазақстанда жаңа спорт түрін тану бойынша барлық процедуралардан өтті. Атап айтқанда, Ұлттық Олимпиада комитетімен мақұлданды және осы жылдың қазан айында Спорт министрлігінде тіркелді. Біз Азия чемпионатына іріктеу мақсатында республиканың бірінші чемпионатын өткізуді шештік», - дейді ҚР Силат Пенчак қауымдастығының вице-президенті Медет Әбжанов.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Қазақстандағы Индонезия елшісі Рахмат Прамоно мырза қатысты. Ол аталмыш шараның халықаралық маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан республикасындағы Пенчак Силат қауымдастығының жұмыс істей бастағанына көп уақыт болмағанымен, біздің ұлттық жауынгерлік өнер түрінің көптеген жанкүйерлері бар екенін көру үлкен қуаныш. Спортшылардың жасы да әртүрлі - ең кішкентайлардан бастап ересектерге дейін. Бұл достық қарым-қатынастардың тереңдеуіне, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасында Қазақстанның беделінің өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар ҚР-да Пенчак Силаттың танымалдығының артқанын көрсетеді», - деп атап өтті Елші.

Үш күндік жарыстың нәтижесі бойынша командалық есепте Қарағанды облысының спортшылары бірінші орынды иеленді. Екінші орын Алматы облысының командасына бұйырды. Үздік үштікті Ақтөбе облысының спортшылары түйіндеді.

Айта кеткен жөн, Силат жекпе-жегі Малай архипелагында VII ғасырдан бері танымал. Ол Суматра мен Малакк түбегінің жағалауын мекендейтін малайлықтардың жауынгерлік өнерінің аса көрнекті түрі болып саналады. Силаттың негізгі элементтері пассанг (бастапқы жағдайы және сәлемдесу), лангка (орын ауыстыру), джурус (тәсілдер) болып табылады. Олардың көптеген үйлесімдері бунго (гүл) немесе кембанган, ал жауынгерлік қолдану буах (жеміс) деп аталады. Сыртқы тартымды және тіпті дәстүрлі би қозғалыстарының (бунго) болуы, олардың артында ауыр жауынгерлік тәсілдер (буах) жасырылған, басқа шығыс жауынгерлік өнерінен ерекшеленетін пенчак-силаттың тән белгісі болып табылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бұл жауынгерлік өнердің жаңа түрін тіркегендігін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар