Қарағандыда педофил құрбаны болған бес жасар қызға ота жасалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәтпаев қаласында педофилден зорлық көрген бес жасар қызға ота жасалды.

«Қыз балаға облыстық балалар ауруханасында операция жасалды. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Балаға толықтай кешенді медициналық көмек көрсетілуде», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Баланың ата-анасы жанында. Ота сәтті өтті, бала енді емдеу курсын қабылдайды. Бала ғана емес оның ата-анасы да ауыр сихологиялық соққы алды. Отбасына кәсіби мамандар психологиялық көмек көрсетуде.

Айта кетейік, 23 шілде күні 40 жастағы Сәтбаев тұрғыны 5 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.  Сол күні полиция қызметкерлері 50 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оның жатын бөлмесінен 5 жастағы бүлдіршін табылды.

Осы іске қатысты бес жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған 50 жастағы азамат сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталғанша екі айға қамалды. Ал педофилді соққыға жыққан полицей кепілақша төлеп, бостандыққа шықты. Алайда ҚР Қылмыстық кодекстің 362-бабы - «Қызмет бабын асыра пайдалану» бойынша қозғалған істі тергеу амалдары аяқталғанша полицей бостандықта жүре алады.

Соңғы жаңалықтар