Қарағандыда педофил қолға түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық полицейлер кішкентай балаларға азғындық әрекеттер жасамақ болды деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

21 тамыз күні түс уақытында Киров полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз ер адам кішкентай балаларға қатысты азғындық әрекеттер жасамақ болғанын хабарлаған.

«Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Оның тұлғасы анықталды, ол 52 жастағы қала тұрғыны болып шықты», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Автор: Агата Мұхамеджанова

Соңғы жаңалықтар