Қарағандыда пәтер өртінен бала мен 2 әйел көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында тұрғын үйден өрт шығып, үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«13 қараша күні сағат 18:00-де өртке қарсы қызмет пультіне Қарағанды қаласы Октябрь ауданы Багрицкий көшесіндегі тұрғын үй пәтеріндегі өрт туралы хабар келіп түсті. От жалыны қоспәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігінде 70 шаршы метр аумақты қамтыған, салдарынан үй шатыры қираған», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Ресми өкілдің хабарлауынша, оқиға орнынан 1962 және 1990 жылы туған екі әйелдің және 2012 жылы туған баланың мәйіті табылды.

Көршілес пәтерден екі адам эвакуацияланды, оның біреуі бала.

Тілсіз жау сағат 20:35-те ауыздықталып және 20:49-да толық сөндірілді.Оны сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД жеке құрамынан 24 адам және 4 техника жұмылдырылды.

Өрт себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар