Қарағандыда өткен жартылай марафонда Беларусь спортшысы жеңімпаз атанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Арманға жол» жартылай марафоны өтті. Шараға қатысушылар Тәуелсіздік алаңынан старт алды, деп хабарлады ҚазАқпарат Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Биыл жартылай марафонға 5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында Қарағанды облысы мен еліміздің өзге де өңірлерінен, сонымен қатар Украина, Қырғызстан, Беларусь сияқты шет мемлекеттерден келген спортшылар да бар.

Марафонда спортшылар 4 топқа бөлініп жүгірді. «Балапан» атты бірінші топқа 8- бен 14 жас аралығындағы өрендер кірді және олар 2 км қашықтыққа жүгірді. Қалған ересектерге арналған қашықтықтардың ішінде «Дружба» тобы 7 км, «Спутник» тобы 15 км, «Арманға жол» тобы 97,5 км қашықтыққа жол тартты.

null«Балапан» тобынан қыздар арасында Виктория Шарова бірінші келді, Виктория Шимпф екінші, ал Наталья Лабецкая үшінші келді. Ұлдар арасында Степан Спасский бірінші орында болса, екінші орынды Даулет Берікбол, үшінші орынды Владлен Иванов жеңіп алды.

Балалар 30-дан 50 мың теңгеге дейінгі аралықта ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

nullЖартылай марафонның бас жүлдесі 1 млн теңгені Беларусь спортшысы Владислав Прямов жеңіп алды. Ол сонымен қатар белгіленген қашықтықты 1 сағат 6 минутта жүгіріп өтіп, рекорд орнатты.

«Жеңіл атлетикамен 20 жылдан бері айналысамын. Бұрын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болатынмын, қазір жүгірем деушілерді жаттықтырам. Өзім кәсіби спортшымын. Марафон туралы Дмитрий Карповтан білдім. Біз өткен жылы Астана жартылай марафонында танысқан болатынбыз. Биыл ол мені Қарағанды марафонына шақырды. Трасса өте ыңғайлы, көше кең, бәрі жақсы. Біз алдымен 6 адам жүргіріп келе жатқанбыз, мен 17-ші километрде бәрін басып оздым»,-деді Владислав Прямов.

nullӘйелдер арасында Қырғызстан спортшысы Виктория Полюдина жеңімпаз атанды.

«Марафонды ұйымдастырушыларға рахмет. Бүгін керемет мереке болды, біз үшін де қала тұрғындары үшін де. Мен кәсіби спортшымын, халықаралық дәрежедегі спорт шеберемін. Жарыс аса ауыр болған жоқ. Өйткені жол жақсы. Жартылай марафон мен үшін биыл Джакартада өтетін Азия ойындарының алдындағы сынақ болды. Қарағандыға бірінші рет келіп тұрмын, маған бұл жер ұнады»,-деді Виктория Полюдина.

null

«Арманға жол» жартылай марафоны қарағандылық брэнд болып қалыптасып келеді. Оны ұйымдастырушылар жарыстың тек жүргіруді ұнататын азаматтар үшін ғана емес, кәсіби спортшылар үшін де қызықты болуына күш салуда.

Соңғы жаңалықтар