Қарағандыда өткен мерекелік шеруге 12 мың адам қатысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін қарағандылықтар Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мереке Бұқар Жырау даңғылының бойындағы салтанатты шеруден басталды. Оған 12 мың адам қатысты.

Алдыңға қатарда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бастаған этномәдени бірлестіктердің өкілдері жүрді. Шеру Орталық саябақ маңындағы жағалауда аяқталды. Онда күні бойы бұқаралық мерекелік шаралар өтіп жатқан болатын.

Шеруден соң мереке театрландырылған көрініске ұласты.

Сахнадан облыс тұрғындарын мерекелерімен өңір басшысы құттықтады.

«Бүгін біз бейбітшілік пен достықтың басты мерекесі -Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтудеміз. Бүгінгі мерекелік шеруге 12 мың адам қатысты. Оның да жөні бар. Біз елдің ең полиэтникалық өңірлерінің бірінде тұрамыз. Барлықтарыңызды Бірлік күнімен құттықтаймын. Мен Сіздерден күнделікті күйбең тіршіліктің барысында мынау әлемнің қаншалықты нәзік екенін, сол себепті оны көздің қарашығындай сақтау қажеттігін ұмытпауды сұраймын. Біздің ата-бабаларымыз бірлік жоқ жерде, тірлік жоқ деген болатын. Сол себепті мен Сіздерді болашақ істерімізді достық қарым-қатынаста жүзеге асыруға шақырамын!»,-деді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында литва этномәдени бірлестігінің жетекшісі, жерлес Виталий Ионо Тварионастың Елбасы басқаратын Қазақстан халқы Ассамлеясы төрағасының орынбасары болып сайланғанын айтып өтті.



«Алғаш рет Қарағанды тұрғыны осы құрметті лауазымға лайықты деп танылды. Бұл бүкіл облыстың ассамблеясының жұмысының оң жолға қойылғандығының көрінісі»,-деді Ерлан Қошанов.

Онда мерекеге жиналған қауымға «Сарыарқа сарындары», «Хоровод дружбы» хореографиялық композициялары ұсынылды.

Этномәдени бірлестіктердің әншілері мен бишілер ұжымы Қазақстанды тұратын халықтардың ұлттық киім үлгілерімен шығып, өнер көрсетті.

Достықтың белгісі ретінде аспанға 1 мың шар ұшырылды.

Соңғы жаңалықтар