Қарағандыда өрттің салдарынан әкесі мен 5 жасар баласы көз жұмды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының тұрғын үйлерінің бірінен өрт шықты. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, егде жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 маусым күні сағат 15:51-де Қарағандыдағы 12 шағын ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде төртінші қабаттағы екі бөлмелі пәтердің жиһазы мен 20 шаршы метрде тұрмыстық заттар өртеніп жатқан. Оқиға болған үйден 41 жастағы ер адам мен оның 5 жасар ұлының денелері табылды. Бесінші қабаттағы пәтерден газ иісінен уланған 80 жастағы қарт әйел құтқарылып, ауруханаға жеткізілді», - деді Қарағанды облыстық Төтенже жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, құтқарушылар тұрғын үйден 15 адамды шығарды. Өрт 16:25-те ауыздықталды.

Өрт-сынақ зертханасының мамандарының алдын ала жасалған болжамдарына сәйкес, өрттің шығуына ашық жалын себеп болған.

Соңғы жаңалықтар