Қарағандыда өртенген мектепте оқу қайта басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы өртенген №36 мектепте оқу процесі қайта басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сабақ қайта басталып, оқу қалыпты режімде жүріп жатыр. Таңертең 338 баланы қабылдадық және шағын орталыққа 27 бала келді. Екінші ауысымға да балалар келді. Тек 21 бала нақты себептермен келе алған жоқ», - деді Қарағанды білім бөлімінің тәрбие және әлеуметтендіру секторының жетекшісі Ақмарал Мақұлбекова.

Белгілі болғандай, өрт электр техникалық тұтану көзіндегі тұйықталу салдарынан шыққан. Мектептің шатырын қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Біз ата-аналарға түсіністік танытқандары үшін алғыс айтамыз. Ештеңеге қарамастан балаларын оқуға жіберді», - дейді А. Мақұлбекова.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Қарағандыдағы жалпы білім беретін орта мектепте өрт шыққан еді. Кейіннен оқушылар сабақтарын кедергісіз әрі қарай жалғастырған болатын. 

Соңғы жаңалықтар