Қарағандыда орта мектеп өртенді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы орта мектептердің бірі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім еткендей, Октябрь ауданы, Шығыс-1 шағын ауданындағы №36 жалпы білім беру мектебінде сағат 20.36-да шатырдың ағаш конструкциясы жана бастаған. 

Тілсіз жауды ауыздықтаумен 55 өрт сөндіруші мен 15 техника айналысты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабарланғандай, сағат 22.34-те жалынның таралуы тоқтатылып, 22.55-те толығымен сөндірілді.

«Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпыды», - деді Р.Иманқұлов.

 

Соңғы жаңалықтар