Қарағандыда өндірілген «Спутник V» вакцинасының кезекті партиясы Алматы мен Шымкентке аттанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Алматы мен Шымкентке Қарағанды фармацевтика кешенінде өндірілген Гам-КОВИД-Вак препаратының кезекті партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында зауыттың баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Бұл - коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған біріктірілген векторлық «Спутник V» вакцинасы.

Алматының «СК-Фармация» қоймаларына препараттың II компонентінің 19 695 құтысы (1 ЖТ. 5 дозада) жөнелтілді, бұл - вакцинаның 98 505 дозасы.

Шымкенттегі «СК-Фармация» хабына Гам-КОВИД-Вак II компонентінің 15 529 флаконы немесе 77 645 доза жіберілді.

Препараттың осы партиялары Қарағанды фармацевтика кешені мен Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу институтында сапа бақылауынан өтті.

Жарамды мерзімі - 2022 жылдың ақпанына дейін.

Жөнелту жұмыстары кешеннің мамандандырылған қоймасынан «СК – Фармация» ЖШС рефрижератор-тасымалдаушыларына тиеу суық тізбектің талаптарын (температура -35 градустан кем емес) қатаң сақтай отырып жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар