Қарағандыда өндірілетін бие сүті Араб Әмірліктеріне экспортталады

None
Фото: Қарағанди вилояти ҳокимлиги матбуот хизмати
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында неміс технологиясы бойынша бірегей өнім – мұздатылып кептірілген бие сүті шығарылады. Өнім тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де белгілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осакаров ауданының Жансары ауылдық округіндегі ферма өндірісті ұлғайтып жатыр.

Тауар өткізетін жаңа нарықтар игеріліп, Дубайға жеткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Осакаров ауданына жұмыс сапары барысында агроөнеркәсіп қызметімен танысты.

«Біздің фермада қазақы тұқымды жылқылар бар. Мал саны 1500-ден 2300-ге дейін өсті. Биыл мұздатылған кептірілген бие сүтін өндіруді 6-дан 10 мың тоннаға дейін арттырамыз. Сату нарығы да кеңейіп келеді. Қазір Дубайда сатып алушымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығын дамытамыз. Биыл 12 мың гектар жер егілді, жаңа заманауи техника сатып алынды. Келесі жылы егіс алқаптарын 15 мың гектарға дейін ұлғайтуды және суармалы жерлерді дамыту бағдарламасын бастауды жоспарлап отырмыз. Инвестиция - шамамен 2,5 млрд теңге. Кәсіпорында 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Өндірісті дамыту жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді», – дейді «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиади.

Фермада бие сауу процесі көрсетілді. Барлығы автоматтандырылған.

Сауғаннан кейін бірден сүт өңдеуге жөнелтіледі. Осылайша барлық пайдалы қасиеттер сақталады.

Кәсіпорынға барған кезде Ермағанбет Бөлекпаев жаңа техниканы аралап, фермерлермен сөйлесті.

Биыл Осакаров ауданында астық және картоп алқаптары ұлғайды. Барлығы 444 мың га егілді.



Соңғы жаңалықтар