Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 19 °С
Алматы: 28 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Қарағандыда Олимпиада чемпиондары туралы фильм түсірілді

2017 жылғы 7 желтоқсан 20:51 1353
Бөлісіңіз:
Қарағандыда Олимпиада чемпиондары туралы фильм түсірілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова Қазақстанның Олимпиада ойындарына қатысқан жылдары алтын медаль жеңіп алған қарағандылық олимпиадашылар туралы фильм түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі

«Мен 1972 жылдан бастап Олимпиада ойындарында түрлі жылдары жеңіске жеткен қарағандылықтардың жетістігі туралы барлық ақпараттар мен суреттерді жүйелеуге бел будым. Мен оны тарих үшін, өскелең ұрпақ үшін жасадым. Кітапқа Қарағанды облысының 66 олимпиадашысы кірді, оның алтауы КСРО құрамасының құрамында медальдар жеңіп алған», - деді Н.Сухорукова.

Қарағандыда Олимпиада чемпиондары туралы фильм түсірілді 

«Қарағандылық олимпиадашылар» атты фильмде Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын әртүрлі спорт түрлерінен қорғап жеңімпаз атанған спортшылар туралы баяндалады.

Кітап пен фильм «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығы аясында жарық көрді.

Туындының бас кейіпкерлері таныстырылымға арнайы келіп, осындай ілтипатқа алғыстарын айтты.

«Алтын медальдар алтыннан емес, еңбектен, жігерліліктен және жауапкершіліктен тұрады», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов фильм мен кітаптың таныстырылымында. 

Бұл кітапты мектептерге, колледждер мен мамандандырылған спорт мекемелерінде тарату жоспарлануда. 

Қарағандыда Олимпиада чемпиондары туралы фильм түсірілді 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат