Қарағандыда оқушы қыз ұйыма менингитке шалдыққан

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы № 102 мектеп-гимназияның оқушысы ұйыма менингитке шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде ұйыма менингитті менингококк инфекциясымен шатастыруға болмайтынын жеткізді. Ұйыма менингиттің белгілері бір жыл бойы таныла береді. Бұл ЖРВИ немесе ұшық, ринит, жөтелдің салдарынан пайда болуы мүмкін.
«Бүгінде оқушы қыз ауруханада жатыр, қажет ем-домды қабылдауда. Ұйыма менингитті уақытында емдесе, асқынбайды», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Ведомствода мәлім еткендай, кез келген себептерден туындауы мүмкін менингиттің алдын алудың ең үздік жолы - мықты иммундық жүйе, яғни дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын сақтау, шынығу.

«Жыл басынан бері барлық дәрігерлер, сонымен қатар мектептегі медбикелер арнайы оқудан өтті. Облыста менингитпен байланысты ауыр жағдайлар тіркелген жоқ. Ауруханаға жатқызылған барлық науқастар бастапқы кезеңде түскен. Бұл ауруды уақытымен емдеуге мүмкіндік береді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Соңғы жаңалықтар