Қарағандыда облыстық жыршылар байқауы өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биыл Қарағанды қаласында дәстүрлі жыр мүшәйрасы «Бұқарекең жырлайды» деген атаумен Достық үйінде өтті. Аталмыш шара ақын Доскей Әлімбайдың 170 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын байқауға қатысушылар саны артып келеді. Бұл жолы додаға 70-тен астам өтінім берілді. Өз өнерін жас жыршылар да, аймақтың танымал майталмандары да көрсетті.

«Қазақтың ұлы ақыны Бұқар жыраудың тарихы мен шығармаларын барлығымыз білуіміз керек. Біздің парызымыз - жастарға осындай ұлы тұлғалардың тарихына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты ояту», - деді мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нелдібаев.

Сайыс шарты бойынша қатысушылар қазақ ақындарының кем дегенде 25 шығармасын жатқа білуі керек. Әділқазылар алқасы қатысушылардың мәнерлеп оқуы және тіл байлығын бағалады.

«Бұқар жырау оқулары» номинациясының жеңімпазы Керней ауылының тұрғыны Жанерке Тәшімбекова атанды. Новоузенка ауылының өкілі Вадим Гамм «Әлемді түгел білсе де» номинациясында бірінші болды. Жүлделі орынды онымен Бұқар Жырау ауданының тұрғыны Доскей Ботпай бөлісті. Барлық қатысушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар