Қарағандыда облыстық клиникалық аурухана бөлімшесін жөндеуге 330 млн. теңге жұмсалған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық бөлімшесінің құны 330 млн. теңгені құраған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков облыстық клиникалық ауруханада болып, жөндеу жұмыстары жүргізілген бөлмелерді қарап шықты.

«Жөндеу жұмыстары үш жылдың ішінде кезең-кезеңмен жүргізілген. Бұл уақытта сумен жабдықтау және кәріз жүйелері, электр желілері мен желдету жүйелері ауыстырылған, жаңа терезе блоктары, есіктер орнатылды, ғимараттың сырты мен шатыры жөнделді. Бұл мақсаттарға 330 млн. теңгеге жуық бюджеттік қаражат бөлінген. Бүгінде хирургия бөлімшесінің 4 корпусы толық жөндеуден өтті», - делінген хабарламада.

Облыстық клиникалық аурухана жыл сайын 12 мыңнан астам пациент қабылдайды. Стационарлық медициналық көмек хирургиялық, терапиялық, акушерлік-гинекологиялық салалар бойынша көрсетіледі. Мекемеде 760 қызметкер жұмыс істеуде. Аурухана ҚММУ 7 кафедрасының клиникалық базасы және Қарағанды медициналық колледжінің тәжірибелік базасы болып табылады.

«2016 жыды «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жалпы ауданы 9 мың шаршы метрді құрайтын терапия бөлімдерінің жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр», - деп қосып өтті облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар