Қарағандыда облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығы табыс етілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығы табыс етілді. Бұл марапат кәсіби мереке қарсаңында жыл сайын БАҚ үздік қызметкерлеріне кәсіпқойлығы, шығармашылық көзқарасы және қоғамдық танылуы үшін беріледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты рәсім биылғы жылы «Өңірлік БАҚ. Даму векторлары» атты форум аясында өтті. Шараға Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарының журналистері қатысты.

Форумға қатысушыларды бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен Ерлан Қошанов құттықтады.

"Президент айтқандай, бізге қазір халықпен ашық және өнімді диалог құру маңызды. Біз өз тарапымыздан өзара диалог құруға әрдайым дайынбыз. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін. Сіздермен одан әрі ынтымақтастық орнатуға үміттенемін", - деді аймақ басшысы.

«Алтын Сұңқар» сыйлығы біздің облыста 2006 жылы бекітіліп, содан бері жыл сайын табысталады.

Облыс әкімінің сыйлығына әр түрлі номинациялар бойынша жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері ие болды.

Марапатқа ие болғандар:

- «Мамандыққа адалдығы үшін» номинациясында журналистика саласының ардагері Аман Жанғожин;

- «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» номинациясында - AtamekenBusinessChannel аймақтық тілшісі Олег Гусев;

- «Объектив шебері» номинациясында - «Взгляд на события» газетінің фотографы дархан Мусин;

- «Ауыл тақырыбын үздік жариялау номинациясы - «Қарқаралы» аудандық газетінің тілшісі Бану Мұқашева;

- «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» номинациясы - «5 канал» телеарнасының журналисі Бақытгүл Матуова;

- «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау» номинациясы - «Бірінші Қарағанды» телеарнасының бас редакторы Алмас Мұсабеков;

- «Алғашқы табыстары үшін» номинациясында - «Жаңаарқа» аудандық газетінің тілшісі Мөлдір Қасымова;

- «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» номинациясы бойынша - «Қазақстан» АҚ РТРК ҚОФ режиссері Айжан Абдрахманова;

- «Мәнер мен атқарымдылық үшін» номинациясында - «Ortalyq Qazaqstan» облыстық газетінің жауапты хатшысы Нұрканат Қанафин

- «Еңбек адамы» тақырыбын үздік жариялағыны және

насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша - «Қазақстан» АҚ РТРК ҚОФ Жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы Жанар Алпысбай.

Сондай-ақ, биылғы жылы «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үздік жариялағаны үшін» жаңа номинация енгізілді. Бұл аталым бойынша облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің ұжымы жеңімпаз атанды.

Облыс әкімінің 1 млн теңге көлеміндегі басты сыйлығы биылғы жылы Жезқазған қаласының «Дидар» телеарнасының ұжымына берілді.

Соңғы жаңалықтар