+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер кілттері табысталды

2020 жылғы 5 наурыз 17:55
Бөлісіңіз:
Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер кілттері табысталды

КАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз мейрамы қарсаңында университет қызметкерлері, мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері баспаналы болды. Бұл Қазақстандық ипотекалық компания мен білім және денсаулық сақтау министрлігі арасындағы меморандум аясында берілген қаладағы алғашқы пәтерлер.


«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының әлеуметтік бастамаларын іске асырудың арқасында еліміздің көптеген азаматтары тиімді шарттармен баспана алуда. Жыл басынан бері 54 дәрігер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер кілттерін алды. Бүгін біз Қарағанды қаласының білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлеріне кілттерді табыстадық», - дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин.
Майқұдықтағы үйден 21 отбасыға пәтер берілді. Олар жалдамалы тұрғын үй үшін әр шаршы метріне айына 1 232 теңге мөлшерінде төлейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT