Қарағандыда Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған форум өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған бірінші қазақстандық ғарышкер, Қазақстанның ӘӘК генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, батырлардың ұрпақтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

«Отанын жүрегімен шын сүйетін адам қорғайды, оның тарихын біледі және бағалайды, оған күнделікті еңбегімен пайда келтіруге тырысады. Сіздердің әрқайсыңыз Отанымыздың үлкен бөлігіне айналуын тілеймін», - деді Абзал Нүкенов форумдағы жас қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Форум сондай-ақ батырлар мерейтойын кең көлемде атап өтілуіне қорытынды жасады.

«Осындай форум біздің жастарымыздың патриотизмін дамытуға көмектеседі. Біз өз Отанымызды сүюіміз керек», - деді Тоқтар Әубәкіров.

Батырлардың ұрпақтары форум ұйымдастырушылары мен қатысушыларына Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың ерліктері ұмытылмайтыны үшін алғыс айтты. Осы жылы облыста мерейтойға арналған көптеген іс-шаралар өтті.

«Біз де, болашақ ұрпақтарымыз да өз өмірлерін бейбіт өмір сүру құқығы үшін берген батырларымыздың алдында борышкерміз. Біз олардың ерліктерін бағалауымыз қажет және насихаттауымыз керек», - деді Нұркен Әбдіровтің немере інісі Нұрлан Байтуллин.

«Біз ағамызды мақтан тұтамыз, әкем бізге ол туралы көп айтып берді. Ол нағыз патриот болған. Менің ойымша, мұндай форумдар жастардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Осы жыл Жастар жылы деп жарияланды. Барлықтарыңызға батырларды ұмытпай, олардың естеліктерін құрметтейтіндеріңіз үшін рахмет айтамын», - дейді Қазбек Нұржановтың немере інісі Оралхан Нұржанов.

Форум аясында үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сахнада «Тоқырауын толқыны» ансамблі, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері мен әртістері, музкомедия театрының әртістері және жоғары оқу орындарының студенттері өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар