Қарағандыда музыкант Мейірхан Адамбеков туралы кітап жарық көрді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. Қазақпарат – Қарағандыда Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Адамбековты еске алу кітабы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ән – ғұмыр» басылымы қазақстандықтардың жүрегін дауысымен және домбырадағы виртуозды ойынымен жаулап алған музыканттың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейді.

Кітап Адамбековтың достары мен туыстарының бірлескен жұмысы барысында дүниеге келген. Олардың әрқайсысы музыкант туралы естеліктерімен бөлісті.

Іс-шараға қатысушыларды Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов кітаптың шығуымен құттықтады. Ол Мейірхан Адамбековпен таныс болғанын және онымен облыстың мәдени өміріне қатысты мәселелерді бірнеше рет талқылағанын есіне алды.


«Мейірхан Адамбеков туралы ұзақ айтуға болады, өйткені ол шын мәнінде көрнекті тұлға. Өскелең ұрпақ үшін ол үлгі болды», – деді Құдайберген Бексұлтанов.

Мейірхан Адамбеков – Қарқаралы ауданы Томар ауылының тумасы. Алматы эстрада-цирк студиясын бітірген. Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солисті және Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің халық әндері бөлімінің меңгерушісі болды.


Соңғы жаңалықтар