Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандардың референдумға қатысуына жағдай жасалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жалпыұлттық референдумға мүмкіндігі шектеулі адамдар келіп, дауыс берді. Олардың келуіне барлық жағдай жасалған: инватакси ұйымдастырылып, жеке кабина орнатылған және ноутбукпен жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ирина Гарань Қарағандының ең ірі ауданында арбамен жүретін мүгедектердің қозғалысына жауап береді.

Ол әлеуметтік қызметтер орталығын басқарады, оның иелігінде 11 тегін инватакси бар. Бүгін арнайы автокөліктер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Кесте мүмкіндігі шектеулі адамдар дауыс бере алатындай етіп құрылған. Сондықтан Ирина өзі дауыс беру учаскесіне біріншілердің қатарында баруға асыққан.

«Мен үнемі еркін сайлау үшін, жариялылық үшін қолыман келгенін жасаймын. Адамдар неғұрлым көп қатысса, соғұрлым бұл біздің халқымыз үшін нәтижелі болады деп ойлаймын. Егер адамдар үшін жақсы жаққа өзгерістер орын алса, әрине, бұл барлығымызды ынталандырады», - дейді Қарағанды қаласының әлеуметтік қызметтер орталығының төрағасы Ирина Гарань.

Референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған. Мүгедектігі бар адамдар үшін жеке кабиналар мен арнайы ноутбуктер бар.

Мүгедектер арбасына таңылған қарағандылық Найман Жансығорин Абай көшесіндегі лицейдегі №4 учаскесінде дауыс берді.

«Мен әлеуметтік жауаптымын, сайлау кезінде әрқашан дауыс беру учаскесіне келемін. Бүгін мен дауыс беру үшін референдумға қатыстым. Бұл Конституция қандай болатынын және әрі қарайғы өміріміз қандай болатынын өзіміз шешетініміз маңызды. Мүгедектігі бар адамдар үшін бәрі жақсы және ыңғайлы ұйымдастырылған», – деп атап өтті Найман Жансыгорин.

Учаскелерде дауыс беру процесін бақылайтын партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары кезекшілік етеді.

Қарағанды облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бақылаушысы Рымжан Әділбаева Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте орналасқан № 168 дауыс беру учаскесінде таңғы сағат алтыдан бері жүргенін айтады.

«Әзірге ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. 12:00-де 700-ге жуық адам дауыс берді. Учаскеде барлық талаптар сақталған. Біздің міндетіміз – заңның сақталуын қадағалау», - деп атап өтті Рымжан Әділбаева.


Соңғы жаңалықтар