Қарағандыда мобильді топқа бағынбай, жанжал шығарған екі тұрғын 3 тәулікке қамалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда мобильді топқа қарсылық көрсеткен екі ер адам үш тәулікке тұтқындалды. Олар карантин шектеуіне қарамастан коттеджде қонақ жинап, іс-шара өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды қаласы әкімшілік сотының қаулысымен мобильді топ мүшелеріне бағынбаған екі ер адамға қатысты әрқайсысына үш тәулік әкімшілік қамау түрінде жаза қолданылды», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 8 тамыз күні «109» телефонына Ш.Жандарбекова көшесіндегі коттеджде салтанатты іс-шара өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, әкімдік және СЭҚ өкілдерінен құралған мобильді топ келіп жеткен.

Карантин нормаларын бұзу фактісін тіркеу кезінде 50 жастағы үй иесі мен оның 54 жастағы ағасы мобильді топ мүшелеріне кедергі келтірген.


Соңғы жаңалықтар