+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Қарағандыда мектепке қабылдаудың жаңа электрондық жүйесі іске қосылады

2019 жылғы 15 мамыр 21:37
Бөлісіңіз:
 Қарағандыда мектепке қабылдаудың жаңа электрондық жүйесі іске қосылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар енді балаларды мектепке онлайн режімінде орналастыра алады. Жаңашылдық ата-аналардың уақытын үнемдеуге және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 маусымнан бастап бірінші сыныпқа қабылдау және мектептен мектепке ауысуға өтінішті http://school.kargoo.gov.kz/ru/ порталы бойынша беруге болады. Қызмет сағат 9.00-ден бастап қолжетімді.

Өтінішті дұрыс ресімдеу үшін баланың электрондық фотосуреті, оның туу туралы куәлігінің скан нұсқасы және баланың денсаулық паспортының сканерленген 1, 17 және 18-ші үш беті қажет. Өтініш беруші құжаттардың қарауға қабылданғаны туралы СМС-хабарлама алады.

Баласы бірінші сыныпқа баратын ата-аналарға онлайн-өтінімді қалай дұрыс рәсімдеу керектігі туралы жалпы қалалық ата-аналар жиналысында баяндалады. Ол 18 мамыр күні сағат 11.00-де Қарағанды қаласының барлық мектептерінде өтеді. Ата-аналар баланы бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтінішті қалай дұрыс беруін сынап көруі үшін бұл күні жүйе тестілік режімде жұмыс істейтін болады. Алайда сол күні кешке барлық тест өтініштері жойылады, себебі мектепке ресми қабылдау әлі ашылмайды.

Бірінші кезекте тіркелген мекенжайы бойынша таңдалған мектепке жататын балалар қабылданады. Ал балаларын басқа ауданда орналасқан мектепке бергісі келетіндер үшін квоталық орындар қарастырылған. Ол орында 1 тамыздан кейін бөлінеді. Бұл ретте гимназия мен лицейлердің баламен әңгімелесу және тестілеу өткізуге құқығы бар.

Жаңа жүйе бір сыныпта 25 баладан артық қабылданбайтындай етіліп құрылған. Ал егер сынып инклюзивті болса, онда бір сыныптағы орын саны одан да аз болуы мүмкін.

- Бұл жүйеде ата-аналар қаланың барлық мектептерінің тізімін көріп, олардың рейтингтерін де салыстыра алады. Сонымен қатар, ата-аналар осы жылы бірінші сынып оқушыларын қабылдайтын барлық педагогтарды көреді. Әр мұғалім үшін оның марапаттары, санаттары және жетістіктер тізімі бар досье болады. Дегенмен, егер қабылдау құжаттарының тізімінде қандай да бір құжат жетіспесе, мектеп ол баланы қабылдамауға құқылы екенін ескерген жөн, - деп түсіндірді Қарағанды қаласының білім бөлімінің жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі Наталья Головина.

Электрондық жүйеде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесі бойынша жұмыс істейтін жеке мектептер де пайда болады.

null

- Қазір қалада бес жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Мамыр айының соңында біз мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға байқау өткіземіз. Оның сомасы 15 780 теңгені құрайды. Оқу құнының қалған бөлігін ата - аналар төлейді, - деді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарская.

Өтініштерді электронды түрде қабылдаудың соңғы мерзімі - 29 тамыз, сағат 18: 30. Онлайн-өтінім бере алмағандар оқу орнының кеңсесіне жүгінуі тиіс.

Жақын арада 50- 78- 81 нөмір бойынша балаларды мектепке қабылдау мәселелері бойынша «жедел желі» жұмыс істей бастайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT