Қарағандыда мас жүргізушінің кінәсінен зардап шеккен әйел көз жұмды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағандыда мас жүргізушінің кінәсінен орын алған көлік апатының салдарынан зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды. Апат себепкері ішімдік ішіп алып, өзінің «Lexus 570» көлігімен көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында тұрған 5 көлікті соққан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адам бүгін таңғы 4-те қайтыс болды», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік , 20 қазан күні 49 жасар «Lexus 570» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде Степной-4 шағынауданындағы үйдің ауласында тұрған бес автокөлікке соқтығысқан. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің және оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жіберілді. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды ұстау кезінде белгісіз тұлғалар патрульдік полицейлердің жұмысына кедергі келтірмек болған. Оларға қатысты өз міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

ЖКО салдарынан 25 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар