+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Қарағандыда Мәди Бапиұлы атындағы дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтуде

2019 жылғы 8 қараша 11:47
Бөлісіңіз:
Қарағандыда Мәди Бапиұлы атындағы дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Мәди Бапиұлы атындағы IV республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауы өтіп жатыр. Шараның ашылу салтанаты «Сарыжайлау» кинотеатрының залында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ балеті Лондон төрінде өнер көрсетті Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді #Abai175: елордалық 700 әртіс ресейлік әріптестеріне эстафета жолдады

«Біз Мәди Бапиұлының шығармашылығын насихаттауымыз керек. Бұл ретте сіздер, жас орындаушылар бізге көмектесесіздер. Сіздер оның әндерін келесі ұрпаққа үйретіп, оның орындалу дәстүрін жалғастырасыздар», - деді қазылар алқасының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайрат Байбосынов.

Биылғы жылы байқауға 40 өтінім келіп түсті. 34 қатысушы іріктеу кезеңінен өтті. Олар екі күн бойы дәстүрлі әндердің үздік орындаушысы атағы үшін сайысқа түседі.

Байқауға қатысушылар Нұр-Сұлтан, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Алматы, Семей және Қарағанды облыстарынан келді. Додаға 17-ден 40-қа дейінгі жас аралығындағы орындаушылар қатысты. Екі турда олар үш ән орындайды, олардың бірі Мәди Бапиұлының туындысы болуы тиіс.

«Бұл байқауға мен үшінші рет қатысудамын. Менің ойымша, жақсы дайындалдым. Мен Мәди Бапиұлының бірнеше әндерін білемін. «Шіркін-ай« мен «Үшқараны« орындаймын», - дейді алматылық қатысушы Нұрсұлтан Елемесов.

«Мен Қарағанды облысында тудым, бірақ бұл байқауға Алматы қаласының атынан қатысамын. «Жиырма бес« және «Әупілдек« халық әндерін, Асеттің «Қысмет« әнін, Ақан серінің «Мақпал« әнін, сондай-ақ Мәдидің «Шіркін-ай« және «Қаракесек« әндерін дайындадым», - дейді байқауға қатысушы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 3 курс студенті Диана Алтайқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Ғаббас Айтпаев, Манарбек Ержанов мәртебесін асқақтатқан дәстүрлі халық әні мектебінің екі ғасырлық тарихы бар. Қазақ ақыны, әнші, композитор Мәди Бапиұлы бала кезінен домбырада ән айтып, домбырада ойнаумен танымал болды. Белгілі суырыпсалма әнші Ақан серімен және Біржан салмен кездесіп, оларға Мәди өз өнерін көрсеткен, олардан тәлім алған.

Мәди Бапиұлының шығармашылық мұрасы толығымен жиналған жоқ. Оның әндерін Е. Г. Брусиловский «Қаракесек», «Ширкин-ай», «Мәди», «Қыз Жібек» секілді алғашқы Қазақ ұлттық операларында қолданған.

Байқау «Шалқыма» концерт залының сахнасында өтіп жатыр.

8 қарашада сағат 18.30-да жеңімпаздарды марапаттау және гала-концерт болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT