Қарағандыда мәдениет саласының үздіктеріне облыс әкімінің сыйлығы табысталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда мәдениет пен өнер саласының үздіктері өздерінің кәсіби мерекесі қарсаында облыс әкімінің сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сыйлық бірнеше жыл қатарынан мәдениет мамандарына кәсіби тұрғыда жетістіктерге жеткені, облыстың мәдениеті мен өнерінің сақталуына жеке үлес қосқаны, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіргені және мәдени саланың дауына зор үлес қосқаны үшін табысталып келеді. Биыл комиссия 22 лауреатты таңдады.

«Мәдениет болмаса біз кім болар едік? Сіздердің қойылымдарыңыз бен концерттеріңіз біз үшін - ерекше оқиға. Жаңа ән мен жаңа фильм кез келген маңызды жаңалықтан басым болып кетеді. Бір сөзбен айтқанда, сіздер біздің өмірімізге жарқын бояулар мен жағымды эмоциялар сыйлайсыздар. Өз шығармашылықтарыңызбен әрқашан бізді қолдайтындарыңызға үлкен рахмет. Ал біз, өз кезегінде, сіздерге қолдау көрсетеміз. Біздің міндетіміз - шығармашылықтарыңыз бен жобаларыңыз жүзеге асуы үшін сіздерге қажетті жағдай жасау», - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов Станиславский атындағы театрда өткен марапаттау рәсімінде.

Аймақ басшысы биылғы жылы алғаш рет облыстық бюджеттен мәдениет саласы мамандарына жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырыс бергенін хабарлады. Сонымен қатар, жергілікті университеттерде мәдениет және өнер мамандарын даярлау мүмкіндігі талқылануда.


Салтанатты жиында 21 номинация бойынша сыйлықтар табыс етілді. «Мамандыққа адалдығы үшін» бас жүлдені Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығының директоры Ақмарал Иманбекова иеленді.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары жас маман Қарағанды мәдени-ағарту мектебін бітіргеннен кейін туған ауылына оралды. Өзінің барлық еңбек жолын Ақмарал Иманбекова мәдениет үйімен байланыстырып, мәдени ұйымдастырушы қызметінен басшылық лауазымына дейін көтерілген.

«Біздің мәдениет үйі құрылған 1985 жылдан бастап, біз үш кезеңді бастан өткердік. Біріншісі - қалыптасу кезеңі. Екіншісі - 90-шы ауыр жылдар. Көптеген аймақтарда мәдениет үйлер жабылды. Бізде жылу да, жарық да болмаған кездер болды, бірақ біз осының бәрін бастан өткердік. Жұмыс істегеуге ынта мен патриоттық сезім көмектесті. Қазір бізде өркендеу, гүлдену кезеңі. Мемлекеттік қаржыландыру мен жүйе құраушы кәсіпорындардың арқасында қазір жағдайымыз жақсы», - дейді лауреат.


Академиялық музыкалық комедия театрының примасы Дарья Пивеньнің айтуынша, «Жыл актрисасы» номинациясы бойынша жеңіске жетуге он жыл ұмтылған. Ол өзінің әрбір рөлін маңызды деп санайды. Дегенмен, «Алқызыл желкендер» пьесасындағы Меннерстің анасын сомдаған рөлі ерекше екенін атап өтті. Актриса марапатты өзінің актерлік шеберлік бойынша тәлім берген ұстаздары - Светлана Непомнящий және Иван Немцевке арнады.


Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды. Ән кешінде жергілікті ұжымдар өнер көрсетті. Әріптестерін құттықтауға Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, халықаралық байқаулардың дипломанты Оксана Давыденко келді.

Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні жыл сайын 21 мамырда атап өтіледі. Кәсіби мереке 2013 жылы Президент Жарлығымен бекітілді.


Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаттары:

«Мамандығына адалдығы үшін» - Ақмарал Иманбекова - Жәйрем кентінің мәдени-ойын-сауық орталығынң жетекшісі

«Жыл әртісі» - Ардақ Жарқынбеков Ардак - С.Қожамқұлов атындағы театрдың әртісі

«Жыл әртісі» - Дарья Пивень - Академиялық музыкалық комедия театрының әртісі

«Жылдың үздік эпизодтық рөлі» - ДинараАйғазинова - С.Сейфуллин атындағы театрдың әртісі

«Жылдың үздік театр режиссері» - Бейсенбай Оспанов - Жаңаарқа ауданының С. Ысқақов атындағы театрдың режиссері

«Жылдың эстрада жанрының вокалисті» - Жанна Хасенова - Темиртау қаласы Мәдениет сарайының әншісі

«Жылдың классика жанрының вокалисті» - Ольга Фадеева - Қ. Байжанов атындағы КБ «Арай» ансамбілінің солисті

«Жылдың үздік инструменталисті» - Гүлнара Амержанова - Қ. Байжанов атындағы КБ Тәттімбет атындағы академиялық оркестрінің әртісі және Татьяна Полещук - Академиялық музыкалық комедия театрының концертмейстері

«Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» - Жанета Алдыханова -Қ. Байжанов атындағы симфониялық оркестрдің әртісі

«Халық әнін үздік орындаушы» - Ержан Базарбеков - Қ. Байжанов атындағы КБ әртісі

«Жыл хореографы» - Айымгүл Нұғымарова - Темиртау қаласы МС «Гюзель» хореографиялық ансамблінің жетекшісі

«Балет және хореографиялық ұжымының үздік әртисі» - Гүлмира Нұрмағамбетова - Қ. Байжанов атындағы «Аққу» фольклорлық хореографиялық ансамблінің қоюшы-балетмейстері

«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» - Саят Тұяқбаев -Ақтоғай ауданының «Ақтоғай» театрының режиссері

«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» - Бақыт Көккөзова - Қарқаралы қаласының мәдени-сауық орталығының әдіскері

«Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» - Гүлмира Жакудина Нұра ауданы Киевка ауылының Мәдениет үйінің әдіскері

«Ауылдың үздік кітапханашысы» - Майгүл Асқарова - Бұқар жырау ауданының ОКЖ кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері

«Үздік кітапханашы» - Едлена Свиридова - Саран қаласы ОКЖ №2 отбасылық оқу кітапханасының меңгерушісі

«Алтын жолақ» - Рауан Қабидолдин - ақын, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің меншікті тілшісі

«Үздік айтыскер» - Тілеген Әділов - Қарағанды облысының айтыскер ақыны

«Жылдың мұражай қызметкері» - Бибігүл Құдабаева - Облыстық бейнелеу өнері мұражайының жетекшісі

«Жылдың үздік суретшісі» - Ляззат Тынбаева - Балқаш қаласының мәдени-ойын-сауық орталығының суретші-дизайнері, «Жас суретшілер» ҚБ мүшесі

Соңғы жаңалықтар