Қарағандыда қызметіне жаңа кіріскен 35 полицей ант берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда 35 жас полицей ант қабылдады. Олармен бірге он офицерге арнайы атақ берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми жиынға полицияның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлері мен жалпы білім беретін мектептердің кадет сыныбының оқушылары қатысты.

Іс-шараны Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары, полковник Құрманғали Ысмағұлов ашты. Ол жас әріптестерін құттықтап, Отанға адал қызмет етіп, үлгі тұтар тәртіп сақшылары болатынына сенім білдірді.

«Полициядағы қызмет – заңға және адамдарға деген терең құрметке негізделген, үлкен шыдамдылық пен азаматтық борышты, адалдық пен әділдікті талап ететін қиын жұмыс. Сіздердің борыш – қоғам тарапынан көрсетілетін құрметке сай қызметтік міндеттерді абыроймен орындау және Қазақстан Республикасының азаматы мен патриоты құрметті атағына ие болу», - деді ол.

Жас полиция қызметкерлері мен офицерлерді облыстың ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейісов құттықтады.

Іс-шара жедел әрекет ету арнайы жасағы жауынгерлерінің өнер көрсетуімен аяқталды. Олар өздерінің кәсіби-жауынгерлік дағдыларын паш етті. Сондай-ақ, қонақтар назарына облыстық полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттері көмегімен қылмыскерлерді ұстау үлгілері ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар