Қарағандыда қызғаншақ жігіт әйелін буындырып өлтірді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды қаласында 29 жастағы келіншектің мәйіті табылды. Белгілі болғандай, 27 жастағы жігіт қызғаныштан бірге тұрып жатқан әйелін өз қолымен тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 шілде күні сағат 13:30-да Қарағанды қаласындағы бір үйдің маңынан 29 жастағы әйелдің денесі табылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпастан өлген әйелмен бірге тұрып жатқан 27 жастағы азаматты ұстады.

Күдікті бастапқыда жедел уәкілдерді жалған ізге салып жібергісі келген. Алайда, полицейлердің кәсіби іс-әрекетінің арқасында жедел-тергеу жолымен оған қарсы айғақтар табылған. Нәтижесінде ер адам жанжал барысында қызғаныштан жәбірленушіні өз қолымен буындырғанын мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (кісі өлтіру).

Соңғы жаңалықтар