Қарағандыда «Қыз көру» өтеді

None
None
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - 31 наурыз бен 1 сәуір күндері Қарағандыда үйлену тойына арналған «Қыз көру» көрмесі өтеді.

Үйлену тойларын алдағы жақын уақытқа жоспарлағандар үшін көрмеге барып-қайту аса пайдалы болмақ. Себебі, той қызметтерінің барлық түрлерінің өкілдері бір жерде жиналатын болады. Олар - той көйлектерінің салондары, мерекелерді ұйымдастыру агенттіктері, сәнді шаш үлгілерінің салондары, фото, видео қызметтер, торттарды әзірлеуші кондитерлік компаниялар, зергерлік және әшекей бұйымдар салондары және тағы басқалар. Көрме барысында сондай-ақ фотосуретшілер жұмыстарының көрмесі мен әртістердің өнерін тамашалауға болады.

Ұйымдастырушылар келушілер арасында басты жүлде ретінде әуе шарымен ұшу билетін ойнатпақ.

Көрме «Asia» Сауда орталығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар