Қарағандыда «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5-6 қарашада Қарағанды облысында «Қыс 2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау күштерінің қызметкерлері қыс мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындалатын болады. Үйлестіру штабы Қарағандыда орналасады.

«Қыс 2019» оқу-жаттығуының бірінші күнінде Азаматтық қорғау апаттық-құтқару құрамаларының дайындығы өтеді. Оңтүстік-Шығыс - Майқұдық айналма жолында, «Магнум» СҮ ауданында жылжымалы басқару пункті мен шатырлы лагердің дайындық байқауы өтеді. Сондай-ақ, қатысушыларды ЖЭО-3 апатын пысықтау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу күтіп тұр.

Екінші күні Федоров су қоймасында құтқару жұмыстары пысықталады. «Сарыарқа» әуежайы ауданында айналма жолда қар құрсауы, ЖКО кезінде ТЖ жою, жолда зардап шеккендерге көмек көрсету, Іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігінің деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңде төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар