+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қарағандыда КВИ жұқтырып, өкпесінің 60% зақымданған жүкті әйел дені сау бала босанды

2021 жылғы 27 шілде 19:05
Бөлісіңіз:
Қарағандыда КВИ жұқтырып, өкпесінің 60% зақымданған жүкті әйел дені сау бала босанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының №1 перинаталдық орталығынан жүкті кезінде COVID-19-бен ауырған 36 жастағы Ирина Миронова шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында дәрігер тапшылығы жоқ – Руслан Хамбаров Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер 100 пайыз екпе алды Ақтөбе облысында 489 бала КВИ жұқтырды

Әйел өзі және баласы үшін қатты уайымдағанын айтты, бірақ дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында бәрі ойдағыдай болды, көптен күткен ұлы сау болып туды.

Ирина Миронованың жүктілігі асқынусыз өтті. Әйел барлық жоспарлы скринингтерден өтті және үнемі гинекологтың бақылауында болды.

Дәрігерлер оған шамамен тамыз айының басында босануы керек деп болжам жасаған.

Алайда, 37-ші аптада әйел өзін нашар сезіне бастаған. ПТР тестін жасағаннан кейін ол коронавирус жұқтырғанын түсінген.

«Басында үрей болды. Мені қорқыныш сезімі баурап, өзім үшін және балам үшін қатты алаңдадым. Мені алдымен кәдімгі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды, бірақ асқыну пайда болғандықтан перинаталды орталыққа ауыстырды. Тыныс алу қиын болды, ентігіп, температура бірнеше рет көтерілді. Дәрігерлер кесарь тілігін жасауға шешім қабылдады. Сәбидің дені сау болып туды, бізде барлық көрсеткіштер қалыпты. Мен дәрігерлерге ризамын», – деді әйел.

Иринаның күйеуі Александр Халепов те әйелі мен баласы үшін қатты алаңдаған.

«Біздің үлкен ұлымыз 14 жаста. Бұл біз үшін көптен күткен сәбиіміз. Мен үнемі әйеліммен байланыста болдым. Перинаталды орталықтың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері оған өте мұқият қарады деп айта аламын. Мен дәрігерлерге олардың қажырлы еңбегі үшін үлкен рахмет айтқым келеді», – деп Александр Халепов медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Ата-анасы ұлына Дмитрий деген есім берді.

Облыстық клиникалық аурухананың акушерлік-гинекологиялық қызметінің меңгерушісі Андрей Буйненко перинаталдық орталықтағы ковидтік перзентхана 7 шілдеде жүкті әйелдер арасында аурудың өсуіне байланысты ашылғанын айтты. Есептік қуаттылығы 50 адамға шақталған ковидтік перзентханада қазіргі уақытта 65 пациент бар.

«Бүгін біз үшін қуанышты оқиға. Ана мен баланы аман-есен шығарып жатырмыз. Науқаста өкпе тіндерінің 60% зақымдануы болды. Тыныс алу жеткіліксіздігі байқалды, ол реанимацияда болды. Осыған байланысты бізге оны мерзімінен бұрын босандырып алуға тура келді. Бірақ бала зардап шеккен жоқ. Жүкті әйелдердің коронавирус ауруының ерекшелігі – диафрагматикалық тыныс алу. Босанудың өзі кешенді емдеу кезінде науқастың жағдайын жақсартады», – деді Андрей Буйненко.

Ковидтік перзентхана пациенттерді 22 аптадан бастап және одан да ұзақ мерзімдегі жүктілікпен қабылдайды. Бүгінгі таңда реанимацияда бес әйел бар.

«Барлық жаңа туған нәрестелерді біз КВИ-ға екі рет тексереміз. Өткен айда індеттің симптомсыз түрімен ауырған бала дүниеге келді. Біз оны 10 күн бақылап, шығардық. Біз балаларды анасынан бөліп алмаймыз. ДДҰ ұсынымдары мен ұлттық хаттамаға сәйкес, жаңа туған нәрестеге анасымен бірге болу және емізу қажеттілігі коронавирустың пайда болу қаупінен асып түседі. Бірақ бізде баласына дерт жұқтырудан қорқып, нәрестесін алып кетуді өтінген науқастар бар. Мұндай жағдайлар аз», – дейді Андрей Буйненко.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT